Бокстар

Виртуализация енді оңай

Операциялық жүйені таңдап, Бокстар үшін оны жүктеп, виртуалды машинаға орнатуға рұқсат етіңіз.

Мүмкіндіктері:

  • Еркін қолжетімді операциялық жүйелерді жүктеп алу
  • CentOS Stream, Debian, Fedora, Microsoft Windows, OpenSUSE, Red Hat Enterprise Linux және Ubuntu жүйелерін автоматты түрде орнату
  • Бір-екі шерту арқылы операциялық жүйе бейнелерінен виртуалды машиналарды жасау
  • Виртуалды машиналардың жүйеңізден тұтынатын ресурстарын (жады мен сақтауыш) шектеу
  • Алдыңғы қалып-күйге қалпына келтіру үшін виртуалды машиналардың снапшоттарын жасау
  • USB құрылғыларын физикалық машинадан виртуалды машиналарға қайта бағыттау
  • Кейбір қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер үшін 3D үдетуі
  • Виртуалды машиналар экрандарын терезе өлшеміне автоматты түрде өзгерту
  • Жүйе мен виртуалды машиналар арасында алмасу буферін ортақ пайдалану
  • Файл менеджерінен Бокстар терезесіне тастау арқылы виртуалды машиналармен файлдармен бөлісу
  • Жүйеңіз бен виртуалды машиналар арасында ортақ бумаларды баптау

Үлес қосу

Интерфейспен танысу

Біз туралы біліңіз

Көбірек ақпарат

Көбірек білу

Осы қолданбаның онлайн көмек бетіне өтіңіз.

Жобаның басты беті

Осы жобаның арнайы басты бетіне өтіңіз.

Ең соңғы шығарылым

Соңғы нұсқасы 49.1 2025-11-24 00:00:00 UTC күні шығарылды.

Қолданба аударылған

Бұл қолданба сіздің тіліңізде қолжетімді.

Кілт сөздер

  • Boxes
  • Development
  • Emulator
  • Linux
  • System
  • Virtual machine
  • Vm
  • Бокстар
  • Виртуалды машина
  • Вм

Тілді таңдау