Калькулятор
Қарапайым, ғылыми не қаржылық есептеулерді жүргізу
Калькулятор — математикалық теңдеулерді шешетін қолданба. Басында ол тек негізгі арифметикалық операциялары бар қарапайым калькулятор болып көрінсе де, таңқаларлық мүмкіндіктер жиынтығын табу үшін кеңейтілген, қаржылық немесе бағдарламалау режиміне ауысуға болады.
Кеңейтілген калькулятор көптеген операцияларды қолдайды, соның ішінде: логарифмдер, факториалдар, тригонометриялық және гиперболалық функциялар, қалдықпен бөлу, кешенді сандар, кездейсоқ сандарды жасау және жай көбейткіштерге жіктеу.
Қаржы режимі бірнеше есептеулерді қолдайды, оның ішінде кезеңдік пайыздық мөлшерлеме, қазіргі және болашақтағы құн, екі есе төмендеу және түзу сызықты амортизация және т.б. бар.
Бағдарламалау режимі жалпы негіздерді (екілік, сегіздік, ондық және он алтылық), биттік операцияларды, қосымша кодтарды, таңбаны таңба кодына түрлендіруді және т.б. қолданатын есептеулерді қолдайды.
Түрлендіру режимі жалпы бірліктер, валюталар және сан негіздері арасындағы түрлендірулерді қолдайды.
Үлес қосу
Интерфейспен танысу






Біз туралы біліңіз
Көбірек ақпарат
Кілт сөздер
- Arithmetic
- Calculation
- Calculator
- Financial
- Linux
- Scientific
- Utility
- Арифметика
- Есептеу
- Калькулятор
- Ғылыми
- Қаржылық