Constrict
Видеоларды мақсатты өлшемдерге дейін сығу
Constrict видеоларыңызды таңдалған файл өлшеміне дейін сығады — бұл файл өлшеміне нақты шектеулері бар сервистерге жүктеп салу үшін пайдалы. Видео сығу үшін бұдан былай онлайн сервистерге немесе түрлі битрейттерде қолмен сынап көріп, қайта кодтауға сенудің қажеті жоқ.
Мүмкіндіктері:
- Интуитивті түсінікті, қолдануға оңай интерфейс.
- Мақсатты файл өлшеміне жету үшін әр видео қайта кодталатын орташа битрейтті (ABR), ажыратымдылықты, кадр жиілігін және аудио сапасын автоматты түрде есептеу.
- Бірнеше видеоны бір шығыс бумасына жаппай сығу.
- Суреттің анығырақ немесе тегіс болуын қамтамасыз ету үшін кадр жиілігі шектеулерін баптау.
- Шығыс файлдарын кодтауға арналған кодектерді таңдау, соның ішінде H.264, HEVC, AV1 және VP9.
Қолданба берілген файл өлшемі үшін аудио-видео сапасын барынша сақтауға тырысады. Дегенмен, файл өлшемін тым қатты азайту шығыс файлының сапасын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін, ал кейде сығу мүлдем мүмкін болмауы мүмкін. Барлық өңдеу жергілікті түрде орындалады — сондықтан сығу жылдамдығы тек жабдығыңыздың мүмкіндігіне байланысты болады.
Үлес қосу
Интерфейспен танысу




Біз туралы біліңіз
Көбірек ақпарат
Кілт сөздер
- AudioVideo
- Clip
- Compress
- Constrict
- Film
- Linux
- Movie
- Video
- Видео
- Кино
- Клип
- Сығу
- Фильм