Графиктер
Деректерді тұрғызу және өңдеу
Графиктер қолданбасы - деректеріңізді оңай тұрғызуға және өңдеуге мүмкіндік беретін қарапайым, бірақ қуатты сайман. Жаңа деректерді әртүрлі файл түрлерінен импорттауға немесе теңдеу арқылы жасауға болады. Барлық деректерді таңдау, қиып алу, жылжыту, көбейту, ортаға келтіру және тегістеу сияқты әртүрлі операциялар арқылы өңдеуге, сондай-ақ деректерге кез келген реттелетін түрлендірулерді іске асыруға болады.
Сонымен қатар, Графиктер қолданбасы импортталған деректерде қисық сызықты сәйкестендіруді қолдайды және графиктердің стилі үшін кеңейтілген теңшеу опцияларын ұсынады. Стиль кестелерін өз қалауыңыз бойынша дәл баптап, жекелендіре аласыз.
Графиктер қолданбасы деректерді тұрғызу үшін де, өңдеу үшін де өте қолайлы. Графиктер көмегімен жасалған графиктерді ғылыми басылымдарда немесе презентацияларда көрсету сияқты кең аудиториямен бөлісуге жарамды әртүрлі пішімдерде сақтауға болады. Сонымен қатар, графиктерді векторлық суреттер ретінде сақтау опциясы оларды әрі қарай өңдеу үшін Inkscape сияқты бағдарламалық қамтамада оңай түзетуге мүмкіндік береді. Графиктер GNOME ортасын ескере отырып жазылған, бірақ кез келген басқа жұмыс үстелі ортасына да жарамды.
Кез келген кері байланыс, сұрақтар немесе жалпы мәселелер бойынша GitLab парақшасында мәселе жасаңыз.
Үлес қосу
Интерфейспен танысу





Біз туралы біліңіз
Көбірек ақпарат
Кілт сөздер
- Data
- Education
- Equations
- Fitting
- Graph
- Graphing
- Graphs
- Linux
- Math
- Mathematics
- Plot
- Plotting
- Science
- Visualisation
- Visualization
- Xrdml
- Визуализация
- График
- График құру
- Графиктер
- Деректер
- Математика
- Теңдеулер
- Тұрғызу
- Фитинг
- Ғылым